Ақтөбеде жас ғалымдар конференциясы болып өтті

АҚТӨБЕ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе мемлекеттік институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жас ғалым-2011» облыстық мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
None
None

Іс-шара «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына - 20 ғылыми жетістік» ұранымен өткізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі Сырым Әбдірахманов хабарлағандай, конференция жұмысына 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде жас ғалымдар, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының ізденушілері мен аспиранттары бар.

«Жас ғалым-2011» жинағына қатысушылардың 84 үздік жұмысы іріктеліп, енгізілді. Олардың ішінде жас ғалымдардың ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаған 20 мақаласы бар.

Соңғы жаңалықтар