12:56, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Ақтөбеде жасырын покер клубы анықталды
АҚТӨБЕ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - 25 ақпанда Ақтөбе облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне Маресьев көшесінің бойында жасырын казино жұмыс істейтіндігі туралы анонимді телефон қоңырауы келіп түсті.

Бүгін облыстық ІІД-нің брифингісінде мәлім еткендей, тексеру барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық кешендерінің бірінен заңсыз жұмыс істейтін покер клубын анықтады. Онда 16 ойыншы, әкімші, 4 дилер, кассир және күзетші болған.
Мекемені тінту барысында ойын фишкалары, касса аппараты, 382 мың теңге көлемінде ақша, құжаттар мен чек жазылған дәптер алынды. Покер клубы өткен жылдың жазынан жұмыс істеп келген, келушілер кіру үшін 5 мың теңге төлеген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.