Ақтөбеде жедел алдын алу шаралары барысында баукеспе ұры ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Жасырын көші-қон» жедел алдын алу шараларының барысында Ақтөбе қаласының Зауыт полиция бөлімінің қызметкерлері Ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлерімен бірлесе отырып, бұдан бұрын бірнеше мәрте сотталып, халықаралық іздеу жарияланған қауіпті қылмыскерді ұстады.
None
None

Ақтөбе облысының аумағында 28 қыркүйекте «Жасырын көші-қон» жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі басталды, ол 2 қазанға дейін созылады.

Екі күннің ішінде шара аясында ҚР-да болу ережелерін бұзған 225 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 16-сы соттар шешімдерімен ел аумағынан шығарылды, 183 шетелдікке Қазақстан аумағында болуы мерзімі қысқартылды.

Сонымен бірге, ҚР ҚК 393-бабымен (елден шығару туралы Өзбекстанның 6 азаматына қатысты сот шешімін орындамау) 6 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар