Ақтөбеде Жол картасын жүзеге асыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті

АҚТӨБЕ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін педагогикалық институтта Жол картасын жүзеге асыру мақсатында бос орындарға қалалық жәрмеңке ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оған Жол картасы ауқымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, мектеп, аурухана секілді нысандарды жөндеуден өткізу жұмыстарын орындайтын қаладағы кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Кәсіпорындар үшін қызметкерлердің 80 пайызынан астамы қалалық еңбекпен қамту орталығы ұсынған жұмыссыздардан тұруы міндетті шарт. Ал, өз кезегінде еңбекпен қамту орталығы біліктілігі сәйкес мамандарды іріктейді, қажеттілік болғанда оларды қайта даярлықтан өткізеді.Ақтөбеде Жол картасы ауқымында неғұрлым қажеттірек 33 мамандық бойынша 1 500 жұмыссызды оқыту жоспарлануда. Негізінен, бұлар техникалық мамандықтар, олардың ішінде ? компрессор машинисі, массаж жасаушы, газ-электр дәнекерлеуші, жол жұмысшысы, лифт электр механигі, тас қалаушы, түзетуші, наубайшы, электрик, автокран машинисі және де басқа мамандықтар бар. Барлық қайта оқытудан өтетін адамдарға 7 500 теңге көлемінде стипендия төленеді.Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін 1 888 әлеуметтік жұмыс орнын ашу көзделуде, оқу орнының түлектері үшін ? 1 200 жұмыс орыны ашылмақ, 1 500 теңге төленетін бұл жұмыс жастар практикасы деп аталады.
Соңғы жаңалықтар