Ақтөбеде Жол картасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда
Қала әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТКШ дамуы мен жаңартылуы, су жеткізу, су бөлу, жылу беру, қалалық жолдар, оқу орындарын жөндеу сияқты инвестициялық бағыттар бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметі аясында су жеткізу мен су бөлу бойынша 8 нысан, жылу берудің 6 нысаны жөнделген. Бұл нысандарға тендерлар ақпан айында өткізіліп, тапсырып берушімен келісім-шарт жасалып, 30 пайыздық мөлшерде алдын ала төлемтөленген. 20 оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, тендерлер өткізілген, келісім-шарттар жасалып, алдын ала төлем қарастырылған.
Сондай-ақ ішкі аула аумақтарының жөндеу жұмыстары бойынша тендер жүргізілген, ағымдағы жылғы мамырдың 4-і күні жалпы аумағы 44 мың шаршы метр болатын 50-ден астам үйдің ауласы жөнделген.
Ақтөбеде «Жол картасы» бағдарламасының аясында жаңадан 2 637 жұмыс орнын құру жоспарланған.