Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген Қ. Көшербаев Дөң тау-кен байыту комбинатының фабрикасында болды

«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ президенті Виктор Тиль Премьер-Министрдің орынбасарына өндірістің негізгі көрсеткіштері жайлы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылды «Қазхром» жоспарланған көрсеткіштер бойынша аяқтайды. Атап айтқанда, 10 айда кәсіпорынның хром кенін өндіру 3,337 млн. тоннаны құрады, тауарлы хром кенін өндіру 2,6 млн. тоннаны, күкіртті хромның өндірісі 841 мың тоннаны, ферроқорытпалардың өндірісі 1,084 млн. тоннаны құрады.
«Осы жыл біз үшін ауыр болды, себебі, электр энергиясы мен газдың бағасы өзгеріссіз қалды, ал ферроқорытпалардың бағасы соңғы кезде төмендеуде», - деді Виктор Тиль.
Осыған қарамастан «Қазхром» кіріс болатындығын болжауда, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы келесі жылы қысқартылмайды.
«Біз хром қорытпалары нарығында көлемдерді сақтап қалуымыз қажет», - деп атап өтті компанияның президенті.