Ақтөбеде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бөлінген қаражаттар «өлі жандарға» кетіп отырған

АҚТӨБЕ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының прокурорлары «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы түйіткілдерді анықтады.
None
None

Қадағалаушы орган қызметкерлерінің пайымынша, бағдарлама шеңберінде қолға алынған шаралар аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге тиісті деңгейде қолғабыс етпей отыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы прокурорының қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы 1-ші басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша тексерістердің барысында өңірдің бірнеше ауданында «өлі жандарды» тіркеу жолымен қазына қаржысын жымқыру фактілері анықталды. Оқытуды ұйымдастыру мен қаржыландыру, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушы тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелері бұзылған.

Тексеріс қорытындысы бойынша, 4 қылмыстық іс қозғалып, процессуалды шешім қабылдану үшін 40 материал тиісті құқық қорғау органдарына жолданды, заңбұзушылықты жою бойынша 16 ұсыным және мемлекетке келтірілген шығынды өндіріп алу туралы 1 талап енгізілді.

Соңғы жаңалықтар