20:41, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Ақтөбеде «Жыл студенті» байқауы өтті
АҚТӨБЕ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында Ақтөбе облысындағы оқу орындары студенттерінің арасында «Жыл студенті-2011» атты облыстық байқау өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты жастардың патриоттық сезімін жан-жақты дамыту мен мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын ояту, ұлттық өнерімізді насихаттау және таланатты жастарды үлкен жетістіктерге бағыттау.
Байқау қорытындысы бойынша жылдың ең талантты студенті болып Қ.Жұбанов атындағы АМУ 3 курс студенті Саламат Сайымов таңдалды, ол сыйлыққа музыкалық аппарат алды.