Ақтөбедегі семинарда дінтанушылар ғаламторды абайлап пайдалануға шақырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теологтары жергілікті БАҚ қызметкерлері үшін семинар өткізді.
None
None

Олардың айтуынша, Қазақстанда ғаламторды 11 миллион адам пайдаланады, олардың 64 пайызының әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар.

Семинарда сөз сөйлеген «Аңсар» АТО басшысының орынбасары Асланбаек Тыныштықов, орталық бөлімнің басшысы Жандәулет Сүлейменов және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы Орынбасар Мұхитов қазіргі кезде жастардың көп уақытын әлеуметтік желілерде өткізетінін айтты. Ғаламтор және танымал әлеуметтік желілерді өз қатарын толтыру мақсатын ұстанған экстремистік және лаңкестік ұйымдар пайдаланады. Сондықтан Бүкіләлемдік тор жас азаматтар үшін қауіп төндіріп отыр.

«Дәстүрлі емес және деструктивтік ағымдардың ерушілері адамдарды адастыру үшін, Құранның сүрелері мен хадистерін өздігінше түсіндіреді. Сондықтан діни әдебиетке қызығушылық танытқан кезде бірінші кезекте Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және мемлекеттік құрылымдардың сараптамасынан өткен әдебиетке жүгіну керек. Бұл туралы барлық азаматтар білуі тиіс», - деді БАҚ өкілдеріне арнаған сөзінде А.Тыныштықов.

Соңғы жаңалықтар