Ақтөбелік «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасына қатысушыларға 55 автомашина сыйлыққа берілді

Форум ауқымында «Нұр Отан» ХДП ғимаратында балалар ұйымдары мен балалар мектеп қоғамдық қозғалыстары көшбасшыларының бірінші облыстық слеті болды.
Бұдан кейін Тұңғыш Президент атындағы саябақта «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» екінші жастар марафон-эстафетасы жеңімпаздарын құрметтеу салтанаты өтті.
Саябақта марафон-эстафетаның жабылуына 4 мыңға жуық адам жиналды, олардың арасында студенттер, колледждер мен лицейлердің, облыс мектептерінің оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар жұртшылығы болды.
Ақтөбеліктерді ауқымды акцияның аяқталуымен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. «Ақтөбелік «жасотандықтардың» туған өлкені абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі бастамасы бұрын-соңды болмаған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясына ұласып, ең жоғары деңгейде мақұлданды. Оған жас ақтөбеліктер белсене қатысып, ізашарларының игі істерін жалғастырып отырғаны қуантарлық. Егер өткен жылы марафонға 70 мыңдай адам қатысса, биылғы жылы оған 92 000-нан астам оқушылар мен жастар тартылып отыр», - деді ол.
Салтанатты жағдайда марафон-эстафетаның белсенді қатысушылары, «Жасыл ел», студенттік құрылыс жасақтарының таңдаулы командирлері, білім мекемелерінің өкілдері - жеңімпаздар автомашиналармен, ноутбуктармен, Астанаға жолдамалармен марапатталды.
Атап айтқанда, биылғы жылы жастарды қошеметтеуге 55 ВАЗ-2107 автомобильдері бөлінді, оның бесеуінің кілті «Жасыл ел», студенттік құрылыс жасақтарының таңдаулы студенттеріне тапсырылды, қалғаны облыс оқу орындары арасында марафон-эстафетада белсенділік көрсеткен оқушыларға, сондай-ақ «Таңдаулы командалық пункт» аталымында жеңімпаз атанға ауыл округтеріне беріді.
Акцияның белсенді қатысушылары 1 200 ноутбуктармен, Астанаға 2 500 жолдамамен марапатталды.
Кешке Қазақстан жұлдыздарының концерті болды.