16:37, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Ақтөбелік азамат 50 жастағы ер адамды жыныстық қатынасқа итермелегені үшін өлтірген
АҚТӨБЕ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының 26 жасар тұрғыны оған жыныстық қатынас жасауға түсуге ұсыныс жасаған 50 жастағы ақтөбелікті өлтіріп тастады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 27 ақпан күні Нариманов көшесінде орналасқан үйдің пәтерінде арқасына бес рет пышақ салынған ер адамның мәйіті табылды.
Қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушімен бірге спирттік ішімдіктер ішкеннен кейін бұл қылмысқа барған 27 жасар жас адам қолға түсірілді. Жігіт жәбірленушінің онымен жыныстық қатынасқа түсуін ұсынғанын, бұл ұсыныс оны ызалаландырғанын түсіндірді.
Күдікті азаматтың сондай-ақ көлікті айдап әкетуге қатыстылығы бар екендігі анықталды. Қазіргі кезде аталған фактілермен қылмыстық істер қозғалып, күдікті азамат уақытша тергеу абақтысына қамалды.