Ақтөбелік дәрігерлер «дөңгелек үстел» отырысын өткізді

АҚТӨБЕ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінде «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
None
None

Этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысқан бұл басқосу Қазақстан халқының достығы мен бірлігін насихаттау, ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту және отансүйгіштік рухты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Қазақстан - 150-ге жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тату өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Сондықтан да Қазақстан халқының бірлігі күні - еліміздің ең басты мерекелерінің бірі, деп атап көрсетті «дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар.

Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бірнеше ұлттың өкілдері еңбек етеді.

Соңғы жаңалықтар