Ақтөбелік кәсіпкерлер Кеңес Одағы Батырларының есімі берілген көшелерді абаттандыруға көмектесуде

АҚТӨБЕ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жеңіс күні қарсаңында ақтөбелік кәсіпкерлер Кеңес Одағы Батырларының есімі берілген көшелерді абаттандыруға, көшелердегі тазалықты реттеуге көмектесуде. Бүгін қала әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар көшелерді аралап, атқарылған жұмыстарға риза болды.
None
None

Ақтөбеден КСРО-ның 35 батыры мен Даңқ орденінің 9 толық иегерлері шыққан. Олардың есімдері туған қаласының көшелерге берілген.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчуктың айтуынша, КСРО Батырларының атағы берілген 35 көше мен 17 саябақта абаттандыру мен санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл нысандарды абаттандыру 67 кәсіпорынның мойнына жүктелген.

Қала әкімі бүгін Жазықов, Панфилов, Гастелло, Наумов, Вавилов көшелерінде, студенттік саябақта болды. Қалған көшелерді ол Жеңіс күніне дейін қарап шығады. Журналистерге берген сұхбатында әкім қаладағы кәсіпкерлер мен билік арасында жақсы ынтымақтастық қалыптасқанын, өтіп жатқан шараның алғашқы емес екендігін атап өтті. Әкіммен кездесіп, алғысын айту үшін аталмыш көше тұрғындары мен ардагерлері шықты.

«Көз алдымызда Абылайхан даңғылында орналасқан сол Студенттік саябақ көркейіп шыға келді. Бұл жерге «Динар электромаш» ЖШС өз көмегін көрсетті, қызметкерлер санитарлық тазалық жүргізді, ағаштарды кесіп, жаяусоқпақтар мен орындықтар, сауыттар орнатты, сондай-ақ желек отырғызатын жерді дайындады», дейді Лариса Томчук.

Соңғы жаңалықтар