20:55, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбелік кеденшілер кезектен тыс аттестациядан өтті
АҚТӨБЕ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кезеншілер кезектен тыс аттестациядан өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аттестацияның барлық кезеңдері бейнекамераға жазылды.
Аттестацияның қорытындысы бойынша, департаменттің 21 қызметкері қызметіне лайық деп танылды, 3 қызметкер қызметіне лайық деп танылып, кадрлар резервіне алынуға және қызметтерін жоғарылатуға ұсынылды.
Мәлім болғандай, орталық аттестациялық комиссияда ақтөбелік басқармалар мен департамент бөлімдерінің басшылары аттестациядан өтті. Оның нәтижесінде 1 қызметкер қызметіне лайық емес деп танылып, жұмыстан шығарылуға ұсынылды. Тағы да 1 қызметкер қызметін төмендетуге ұсынылды.