Ақтөбелік полицейлер «Қару» операциясы барысында 27 бірлік қаруды тәркіледі

АҚТӨБЕ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында «Қару» жедел-алдын алу шараларын өткізудің үш күні ішінде полицейлер заңсыз айналымдағы 27 атылатын қаруды тәркіледі.
None
None

Облыстық ІІД-де өткен брифингіде айтылғандай, тұрғындар 5 газ тапаншасын, 6 тегіс оқпанды мылтықты еркімен тапсырды, 10 шолақ мылтық, 2 электршокер, 1 қолдан жасалған тапанша және 152 оқ-дәрі тәркіленді. Бұдан басқа 5,6 мм калибрлі ТОЗ-16 мылтығы ерікті түрде тапсырылды.

20 қыркүйекте шамамен күндізгі сағат 15-тің шамасында жүрізілген «Қару» жедел-алдын алу шарасының ауқымында ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында Ақтөбе облысы Бадамша ауылының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, оны тексеру барысында «Иж-К» 16 калибрлі бір оқпанды аңшылық мылтығы табылып, тәркіленді.

Ұсталған адам бұл қару марқұм атасынан қалғанын түсіндірді. 2011 жылы шілдеде ол мылтықтың оқпанын кесіп, өзін қорғау мақсатында сақтаған.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 251-бабы бойынша «Оқпен атылатын қаруы заңсыз сақтағаны үшін» қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар