Ақтөбелік студент қыз Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстандағы Марат Оспанов атындағы медициналық университетінің 4-ші курс студенті Гамбургте өткен кір тасын көтеру спорты бойынша Әлем чемпионатында екінші орынды иеленді, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
None
None

Бойжеткен халықаралық ауқымдағы жарысқа алғаш рет қатысты. Ол 63 келі салмақ санатындағы 16 келі штангіні 80 рет көтеріп, ресейлік спортшыға жол беріп, екінші орынды иеленді.

Барлығы чепмпионатқа Қазақстан атынан 46 спортшы қатысты. Олардың ішінде төртеуі жүлделі орынды иеленіп, Қазақстан құрамасына екінші орынды қамтамасыз етті. Чемпионатта бірінші орын - Ресей құрамасына, екінші орын - Қазақстанға, үшінші орын - Литваға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар