Ақтөбеліктер «Гагарин шақырымдары» халықаралық марафонына қатысушыларды қарсы алды

АҚТӨБЕ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Гагарин шақырымдары» халықаралық марафонына қатысушылар өткен демалыс күндері Ақтөбеге ат басын тіреді.
None
None

Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына арналған бұл марафонның жолы Байқоңыр, Жаңа Қазалы, Арал, Ырғыз, Қарабұтақ, Хромтау, Ақтөбе, Соль-Илецк, Оренбург, Самара, Саратов қалалары арқылы өтеді. 12 сәуірде Байқоңыр қаласының орталық алаңында басталған бұл марафонға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина елдерінің өкілдері - спортшылар, студенттер, ғарыш әскері мен ғарыш саласының ардагерлері қатысуда.

Ақтөбеге бір шақырым қалғанда марафоншыларға ақтөбеліктер қосылды, олардың қатарында Әскери қорғаныс күштерінің Ақтөбе әскери институтының басшысы Оразбек Әбмұхамбетов, Жас ұшқыштар мектебінің басшысы Александр Курбанов, Ақтөбе планетарийінің директоры Қорлан Бөлеков, Дене шынықтыру-спорттық қоғам кәсіподақтары облыстық кеңесінің төрағасы Владимир Кореньков және басқа да танымал адамдар болды. Спортшылармен бірге «Жас Отан» жастар қанатының ақтөбелік мүшелері де жүгірді.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова, марафоншыларға сәттілік тіледі. Одан кейін қонақтарға ұлттық дәм тартылды, Кеңес Одағының Батыры Виктор Пацаев және Ресей Батыры Юрий Лончаков сияқты екі ғарышкерді тәрбиелеген Ақтөбенің атынан кәдесыйлар табыс етілді. Қаланың көрнекті жерлеріне жасалған экскурсиядан кейін марафоншылар ресей-қазақстан шекарасына қарай бет алды. Марафон бортына Юрий Гагарин мінген төмен түсетін аппарат қонған Саратов облысының Смеловка селосының жанында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар