Ақтөбеліктер көрші Батыс Қазақстан облысына көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясына қатысуда

АҚТӨБЕ. 18 сәуір. ҚзаАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы көрші Батыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін ақша жинау қайырымдылық акциясын бастады.
None
None

Партия филиалының қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Сейталинаның айтуынша, арнайы есепшотқа «Нұр Отанның» барлық партиялық жұмыскерлерінің бір күндік жалақысы аударылды. Ол сома 133 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар қаражат, киім-кешек, аяқ киім, дәрі-дәрмектер мен зардап шеккендерге азық-түлік жинау үшін тұрғындар мен кәсіпорындар арасында қайырымдылық шаралары жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта БАҚ беттерінде арнайы хабарландырулар беріліп, депутаттар мен жетекші партиялық ұйымдардың басшыларына хаттар жіберілді.

«Ақтөбеліктер біздің үндеуге белсене құлақ түріп, атсалысуда. Таңертеңнен бері олар зардап шеккендерге қажетті заттар мен азық-түліктерді әкелуде. Интернационал жауынгерлер оғамдық бірлестігі жылы киімдер жеткізсе, депутаттар мектеп жарақтарын әкелді. «Шығыс» базары да белсенді көмек қолын созуда», - деп атап өтті Г.Сейталина.

Соңғы жаңалықтар
Референдум