Ақтөбеліктер мамыр мерекесін тойлауда

АҚТӨБЕ. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде саябақтар мен алаңдарда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар, концерттер өтуде.
None
None

Биыл мейрам алғаш рет жаңаша өтуде - ақтөбеліктер мамыр мерекесін Әбілхайыр хан даңғылының бойында мерекелік шерумен қарсы алды.

Парадты ұлттық киімдер киген Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері бастап, шеруді саяси партиялар мен қозғалыстардың өкілдері, кәсіпорындар мен оқу ұйымдарының ұжымдары жалғастырды. Парадқа барлығы 3 мыңнан астам адам қатысты. Тұңғыш Президенттің атындағы орталық бақта қала әкім Архимед Мұхамбетов ақтөбеліктерді мамыр мерекесімен құттықтады.

- Халқымыздың бірлігі мен достығын паш ететін бүгінгі мереке, қазақстандықтар үшін айрықша қымбат. Ұлтаралық бірлігіміздің арқасында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының негізінде бүгінгі жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз, деді әкім өз сөзінде.

Әкімнің айтуынша, Ақтөбе облысында 100-ге жуық ұлттық өкілдері тұрады және 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар