Ақтөбеліктер телефон алаяқтарының арандатуына бұрынғыдай ырық бермейтін болды

АҚТӨБЕ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер телефон алаяқтарының арандатуына бұрынғыдай ырық бермейтін болды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Атап айтқанда, 29 сәуір күні ғана 7 рет осындай қоңыраулар соғылды, оның бәрінде де алаяқтар жалған хабарламамен ақтөбеліктерді қармаққа іліктіре алмады.

Айталық, 30 жастағы ер адамға белгісіз біреу ұялы телефонына полиция қызметкері болып қоңырау шалып, оның ағасы қару сақтағаны үшін ұсталғанын және оны босату үшін 4 мың доллар ақша төлеу қажеттігін айтқан. Алайда ер адам абдырап қалған жоқ, ағасына қоңырау соғып, оның жұмыста екенін анықтады да, бұл жөнінде дереу полицияға хабар берді.

Соңғы жаңалықтар