Ақтөбенің 147 жылдығында орай веложарыс өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе 147 жылдығын атап өтті. Бұл күнге орай қалада бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент атындағы саябақта веложарыс өтті.
None
None

Таңертеңнен велосипедке мінген ақтөбеліктер саябаққа ағылды.

Ең жас жарысқа қатысушы 4 жаста. Хромтау және Мәртүк ауданынан келгендер де болды. Барлығы 300 адам қатысты.

Қатысушылар 6,5 км жерді бағындырды. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров бастаған велосипедшілер қаланы айналып, қайта саябаққа келді.

Мұнда спорт ардагерлері - Владимир Олейник, Константин Борматенко және Тимур Мұхамеджановты марапаттады.

2

Соңғы жаңалықтар