Ақтөбенің ХҚКО-да «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау қосыны ашылды

Ғимараттың бірінші қабатында партияның жедел басқару орталығының нөмірлері жазылған ақпараттық стенд орналастырылды.
Партиялық бақылау қосынының басшысы, қалалық мәслихат депутаты Андрей Кудеевке жәшіктің кілті табыс етілді. Бүгінгі күні ақтөбелік ХҚКО 105 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, бүгінгі күні өңірде 99 партиялық бақылау қосыны орналастырылған. Атап айтқанда, олар 100 мектеп, 100 аурухана, тұрғын-үй құрылысын дамыту, ҮИИДБ және басқа да бағдарламалар бойынша іске асырылған нысандарда орнастырылған. Қосындар негізгі азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бойынша мәселені бақылау мақсатында Ақтөбенің ірі супермаркеттерінде орнатылған. Сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының нөлдік шақырымында партиялық бақылау қосыны бар.