Ақтөбенің шет аймағында 80 кереуеттік перзетхана ашылды

АҚТӨБЕ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбенің шет аймағындағы Қарғалы кентінде 80 кереуеттік Қарғалы қалалық ауруханасының перзетхана бөлімшесі ашылды.
None
None

Құны 624 млн. теңге тұратын перзетхананың құрылысы 2009 жылы басталған, қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді, деп хабарлады әкімдік.

Перзентхана бөлімшесі 3 қабаттан тұрады, онда емханамен біріктірілген асхана мен галерея бар, жоғары санатты заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған.  Бұл жерде қажет деген жағдайдың барлығы жасалған. Аяғы ауыр әйелдер мен жаңа босанғандарға мамандандырылған және шұғыл көмек көрсетіледі. Бұл - Ақтөбе қаласында соңғы жылдары салынған алғашқы перзентханалардың бірі.

Айта кетейік, облыста бала босану жасындағы 215 мыңнан астам  әйелд тұрады. Ағымдағы жылдың 6 айында Ақтөбе облысында 9711 сәби дүниеге келді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға жоғары.

Соңғы жаңалықтар