17:57, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Ақтөбенің үш супермаркетінде алкоголь сатуға тыйым салынды
АҚТӨБЕ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бейсенбі күні Ақтөбедегі үш супермаркет («Анвар» және «Қабиев және К» компаниялары) алкоголді өнімдерді күнібойы сатудан бас тартты.

Осылайша олар алкоголді ішімдіктер ішуден бас тарту бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының кезекті акциясын қолдады.
Республикада қазанның 29-ында Алкоголді ішімдіктер ішуден бас тарту күні аталып өтуде. Мамандардың бағалауынша, алкоголь Еуроодақтағы барлық мүгедектік пен ажалынан бұрын өлудің 7,4 пайызына себепші болып табылады.