Ақылы негізде оқитын студенттер қандай мамандық бойынша білім алатынына қарамастан жеңілдетілген несиемен қамтылуы шарт

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ақылы негізде оқитын студенттер қандай мамандық бойынша білім алатынына қарамастан жеңілдетілген несиемен қамтылуы шарт. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің және Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген мемлекет қаражатының пайдалануын бақылау жөніндегі
None
None
комиссияның отырысында аталған комиссия мүшесі «Шаңырақ» республикалық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қалыптасқан проблемаларды оң шешу үшін ең алдымен бағдарлама аясында жеңілдетілген несие берілетін мамандықтар тізбесін кеңейту туралы ұсынысты қолдаймын. Бірақ, Білім министрлігі ұстанып отырған көзқарас дұрыс емес. Өйткені министрлік экономиканың бүгінгі сұранысына орай ғана талап етілетін мамандықтарды назарға алып, экономист, заңгер мамандықтарын шеттетіп отыр. Ал елдегі жағдайдың 2011 жылдарға қарай оңала түсетінін, 2 жылдан кейін дағдарыстан дамуға өркендейтін кезіміздің орнай бастайтынын ескерсек, бүгінгі студент, ертеңгі мамандық иелері де экономикалық дамуға қатысты сұранысқа ие болуы да мүмкін ғой. Сонымен бірге, жалпы еліміздегі барлық ақылы негізде оқитын студенттерге, оларды мамандықтарына қарай бөле-жармай көмектесу қажет деген қағидат ұстанамын», деді А. Қожахметов. Оның айтуынша, ақылы негізде оқитын студенттерге жеңілдетілген несиелер беруде әлеуметтік мәртебеге қатысты өлшемдерді де кеңейте түсу қажет. «Мәселен, жеңілдетілген несие ең алдымен отбасын құрған студенттерге берілуі шарт. Ондай отбасылар балалы болса, онда олардан ешқандай да құжат талап етпей-ақ, жеңіл түрдегі несие беру керек. Сондай-ақ, мемлекеттік тегін оқыту гранттары жетім студенттер мен мүгедектерге берілуі шарт. Олардың білім беру орындарындағы саны да соншалықты көп емес», деді А. Қожахметов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум