18:30, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Ақын Ж.Набиуллиннің «Он сегіз жасқа толмаған махаббатым» атты кітабы басылып шықты
ОРАЛ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанғали Набиуллиннің «Он сегіз жасқа толмаған махаббатым» атты кітабы басылып шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл - «Ағартушы» баспасынан «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған кезекті жинақ. Осы айдармен биыл барлығы он кітап басылып шықпақ.
Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақынның аталмыш жинағына махаббат туралы өлеңдері топтастырылған. «Тек ғашықтар үшін», «40 градус - аптап» бөлімдерінде жүрек қылын шертетін жырлары жарияланса, «Өлеңдейін қадірі мол қара сөз» бөлімінде әйелдер тағдырына қатысты сыр-толғамдар орын алған. Кітап мың данамен таралғалы отыр.