19:02, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
Ақжайық ауданында прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 2,86 миллионнан астам теңге мемлекетке қайтарылды
ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО прокуратурасы Ақжайық ауданы прокуратурасының қызметін көрсету мақсатында наурыздың 30-ында баспасөз өкілдері үшін арнайы шара ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шара барысында атап өтілгеніндей, аудан прокуратурасы өткен жылы 73 тексеру жүргізіп, 466 заң бұзушылықты анықтаған. Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 112 адам түрлі жауапкершілікке тартылып, 2286885 теңге мемлекет есебіне өндірілген. Сонымен қатар аудандық жер қатынастары бөлімін тексеру барысында 5 миллионнан астам теңгеге ауыл шаруашылығы өндірісі жерлерінің орны толтырылмаған. Прокурор актісіне сәйкес сот тәртібімен 700 мыңнан астам теңге қайтарылған, қалған соманың орнын толтыру шаралары алынуда. Жиында өзге де заң бұзушылықтар жөнінде айтылып, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жалғасатыны атап өтілді.