Ақжайық ауданында тұңғыш «Балалар әлемі» ашылды

ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта «Балалар әлемі» дүкені ашылды.
None
None

«Балалар әлемінің» иелері - ерлі-зайыпты Серік Жәдігерұлы мен Салтанат Суханова біраз жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Салтанат Нығметқызы осыған дейін базарда сауда жасады, қоғамдық тамақтандыру саласында да еңбек етті. Өткен жылдарда, әрине, біраз тәжірибе жиналды. Енді, міне, тек балалар үшін киім-кешек және ойыншықтар мен жиһаз сататын осындай орын ашу жөнінде игі мақсаттарына қол жеткізіп отыр. Ауылдың нақ орталығынан жалпы аумағы 67 шаршы метр баспана сатып алып, оны тап-тұйнақтай жөндеуден өткізді. Сөйтіп, ауданда балалар үшін қажеттер тұтынушыларға ұсынылатын мұндай дербес тұңғыш дүкен ішкі-сыртқы көркімен көз тартып шыға келді.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып жатқан үлкен бағыттың бірі - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы. Соның жемісі өз ауданымызда да молынан көрінуде. Бұл дүкен - адал еңбектің, алға ұмтылыстың бір айғағы, - деді аудан әкімі Нариман Төреғалиев.

«Ақжайық ауданы кәсіпкерлері» ҚБ төрағасы Қабдеш Найзабеков, тұрғындар да тауар бағасын базардағыдан арзандау ұстауды межелеген және жұртқа ыңғайлы уақыт - 19.30 сағатқа дейін жұмыс жасайтын «Балалар әлемінің» ұжымына ізгі лебіздерін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар