Ақжайық ауданында «Жол картасына» сәйкес 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды

ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында 25 инвестициялық жоба бойынша «Жол картасына» сәйкес 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
None
None

Аудан әкімі Абай Иманғалиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, 20 әлеуметтік сала нысаны күрделі жөндеуден өткізілді. Жұмысқа орналастырылған 1347 адамның 80 пайыздан астамы - Ақжайық ауданының тұрғындары. Бұрын вахталық әдіспен басқа қалаларда жұмыс жасап жүрген 287 адам ауылға оралып, отбасыларының қасында еңбек етті. Сондай-ақ 259 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналасқандардың саны үш есеге көбейіп, жұмыссыздық деңгейі 1,2-ден 0,9 пайызға түсті.

Соңғы жаңалықтар