Ақжайық ауданының әкімі А.Иманғалиев тұрғындар алдында есеп берді - БҚО

ОРАЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат -Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиев 25 ақпан күні тұрғындармен қорытынды есептік кездесуін өткізді.
None
None

Жұртшылық алдында баяндама жасаған аудан басшысы Елбасы тапсырмаларына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өткен жылы аудандық бюджет 21,3 пайызға өсіп, 4 млрд. теңгеден асты. Бюджеттің шығыс бөлігі 98,8 пайызға игеріліп, жергілікті салық түсімдері толығымен орындалды. Бюджеттің бір адамға шаққандағы үлесі 89 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда, 25 пайызға көбейді.

Қай салада болмасын, жетістіктермен қатар шешілмей жатқан мәселелер де баршылық. Мұны кездесуде сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атап көрсетті. Мәселен, Ақжайық - қай жағынан да қолайлы өңір. Атырау-Орал күре жолы ауданды кесіп өтеді. Жайық өзені де ағып жатыр. Мыңғыртып мал өсіруге, кәсіпкерлікті кеңінен дамытуға болады. Алайда осындай мүмкіндіктер пайдаланылмай жатыр. Осы мәселелерге баса назар аударған облыс басшысы нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар