Ақжайық ауданының бюджеті 42 пайызға өсіп, 3 млрд. 269 млн. теңгеге жетті

ОРАЛ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-дағы Ақжайық ауданының бюджеті 42 пайызға өсіп, 3 млрд. 269 млн. теңгеге жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Абай Иманғалиевтің айтуынша, салық түсімдері 528,6 млн. теңгені құрап, өткен жылғыдан 13,9 пайызға артып отыр. Соның ішінде жергілікті салық көлемі 79,5 млн. теңгеге артық орындалып, жоспардан тыс қаржы мәслихат депутаттарының қолдауымен аса қажетті шараларды жүзеге асыруға жұмсалуда.

Орташа жалақы өткен жылғыдан 36 пайызға көбейіп, 41290 теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар