«Ақжайық» бірінші айналымды екінші орынмен аяқтады

ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын командалар биылғы алғашқы айналымды аяқтады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы екі турда өз алаңында сәтті ойнаған Оралдың «Ақжайығы» екінші орынға көтерілді. Оралдықтар 2:0 есебімен алдымен Алматы облысы Қарасай ауданының «Сұңқарын», содан кейін Семейдің «Спартагын» ұтты. Батысқазақстандықтардан бірінші айналымда Алексей Мальцев тоғыз, Эльдар Абдрахманов алты доп соғып, мергендер қатарында келеді.

Бірінші айналымнан кейін 29 ұпаймен Алматының «Қайраты» көш бастаса, «Ақжайық» (27 ұпай) - екінші, «Сұңқар» (26 ұпай) үшінші орынға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар