07:42, 02 Мамыр 2013 | GMT +5
«Ақжайық» Қазақстан кубогінің келесі айналымына шықты
ОРАЛ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 1 мамыр күні Қазақстан кубогі үшін ойында Оралдың «Ақжайығы» Қаскелеңде жергілікті «Сұңқармен» күш сынасты.

Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайық» пен бірінші топта жүрген «Сұңқардың» кездесуі тартысты болды. Бірінші таймда 11-минутта батысқазақстандықтардың сұрмергені Игорь Зенькович есеп ашса, көп ұзамай 29-минутта Артем Гавриленко таразы басын теңестірді.
Осы есеп екінші кезеңде, қосымша екі таймда да өзгермей, ойын тағдырын 11 метрлік доптар шешті. Бұл сында оралдықтар 5:4 есебімен әбжілдік танытып, кубоктің келесі айналымына жолдама алды. Әсіресе, «Ақжайықтың» қақпашысы Роман Багаутдинов Марлан Мужиковтің добын қайтарып, шешуші сәтте шеберлік көрсете білді.