12:40, 09 Мамыр 2011 | GMT +5
«Ақжайық» өз алаңында тағы да тең ойнады
ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнап жүрген Оралдың «Ақжайығы» жеңістің дәмін тата алар емес.

7 мамыр күні Шымкенттің «Тарланын» қабылдаған оралдықтар қарсылас қақпасының кілтін таба алған жоқ. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл - «Ақжайықтың» биылғы маусымдағы үшінші тең ойыны. Оралдықтар келесі кездесуін 14 мамырда Қаскелеңде жергілікті «Сұңқармен» өткізеді.
Бірінші лигада төрт турдан кейін 12 ұпай жинаған Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Өтеген батырдың «Іле-Сәулеті» бірде-бір ұпай жоғалтпай, көш бастап келеді.