«Ақжайық» Саратовтың «Универсалын» ұтып, екінші орынға көтерілді

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 25-індегі екінші кездесуінде Саратовтың «Универсалын» 8:3 есебімен тізе бүктірді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдын иелерінен тәжірибелі ойыншылардың бірі Алексей Фошин бес гол соғып, ерекше көзге түссе, сондай-ақ Эдуард Кондратьев, Петр Грибанов, жиырма жасар Ескендір Нұғыманов қарсыластар қақпасына бір-бір доптан енгізді.

«Ақжайық» осы ойыннан кейін 54 ұпай жинап, қайтадан екінші орынға көтерілді. Бұл олардың Мончегорскіде өтетін финалдық ойындарға қатысуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар