15:54, 04 Мамыр 2011 | GMT +5
«Ақжайық» жеке қорынан тасқын судан зардап шеккендер үшін ашылған арнайы есепшотқа 169 млн. астам теңге түсті
ОРАЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Ақжайық» жеке қорынан БҚО-дағы тасқын судан зардап шеккендер үшін ашылған арнайы есепшотқа 169 млн. астам теңге түсті.

Қор төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Тұмановтың айтуынша, күн сайын еліміздегі мекеме-ұйымдардан, жекелеген адамдар мен кәсіпкерлерден қаржы келіп түсуде. Есепшот аталмыш қорда ашылғанымен, оның атқарушы директоры, бухгалтері бөлек болады. Құрамында қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер бар қоғамдық кеңес және тексеру комиссиясы жұмысқа кірісті.
Қор тасқын суға байланысты құрылған арнайы комиссиялар мен штабтардың ұсыныстарына сәйкес зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсететін болады.