17:22, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Ақжайықта «Балапан» бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқарылуда
ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында «Балапан» бағдарламасына сәйкес жұмыстар атқарылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Абай Иманғалиевтің айтуынша, биыл сегіз елді мекенде шағын орталық ашылды. Қазіргі кезде ауданда 9 балабақша, 3 мектеп-балабақша мен 34 шағын орталық жұмыс жасап, мектепке дейінгі бүлдіршіндердің 89,3 пайызы қамтылып отыр. Таяуда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қарауылтөбе ауылында 40 орындық балабақша іске қосылады. Сондай-ақ Қабыршақты ауылында қосымша топ, Чапаев ауылындағы аралас мектеп пен М.Әуезов атындағы мектепте шағын орталықтар ашу жоспарлануда.