13:54, 30 Наурыз 2010 | GMT +5
Ақжайықта Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұратын үйлерде тақталар жаңартылуда
ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай БҚО-ның Ақжайық ауданында майдангерлер тұратын үйлерде тақталар жаңартылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан орталығында тұратын он бір Жеңіс сарбазының үйіне «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» деген жазуымен қоса ауданның эмблемасы бейнеленген жаңа тақталар ілінді. Мұндай тақталар Орал қаласында тұратын ауданның құрметті азаматтары Бисен Жұмағалиев, Рафхат Ғалимуллин, Қаби Сәрсенғалиев тұратын пәтерлердің бұрышына да орналастырылды. Сондай-ақ ауданның басқа да ауылдарында тұратын майдангерлер де елеусіз қалмайды.