11:43, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Ақжайықтық жыршы республикалық сайыстан олжалы оралды
ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданындағы «Мерей» мәдени-демалыс үйірмесінің жетекшісі Сұңғат Жанаев Ақтөбе облысында өткізілген Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына арналған «Арқалы ақын жырласын» атты ІІ республикалық жыршы-жыраулар сайысынан олжалы оралды.
Аталмыш додада батысқазақстандық жыршы Айса Байтабынов атындағы жүлдемен, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Белгілі жыршы Көшерғали Макаровтың шәкірті С.Жанаев бұдан бұрын Марабай Құлжабайұлының 165 жылдығына арналған республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алса, «Таза мінсіз асыл тас» атты республикалық байқауда дипломант, Қобыланды батыр тойында жүлдегер атанған еді.