Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстан-2050» ақпараттық-білім орталығы ашылады

Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар ҚазҰУ журналистика факультетінің базасында «Қазақстан-2050» республикалық ақпараттық-білім орталығын ашу жөнінде шешім қабылдады.
Бұл орталық - Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында белгілеген қазақстандық ұлттық біртұтастығын, азаматтардың саналылығын және «Мәңгілік Ел» құндылықтарын дамытуға арналған коммуникативтік, диалог алаңы болмақ.
«Орталық қызметі патриоттық рухта тәрбиеленген заманауи креативті жеке адам ретінде интернационалдық жастарды дамытуға ықпал ететін ақпараттық және ағартушылық ортаны қалыптастыруға бағытталатын болады. Жастардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыруға, олардың арасында тағаттылық ахуалын құруға ынталандыру басты міндет болмақ», - деп атап өтті ҚазҰУ баспа және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева.
Оның айтуынша, бұл мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін орталықта әртүрлі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың арасында «Vision - 2050» стратегиялық ақпараттық науқанын, «Voices of Youth» республиканың ауыл және қала жастары қатысуымен аудиофорум, «Жасыл даму-2050» табиғат аясындағы пікірсайыс» форматында кездесулер, «Ақылды экономика» тақырыбында телекөпір, «Болашағыңды басқар!» жастар интернационалдық форумын және «Мәңгілік Ел» студенттік ғылыми-этнографиялық экспедиция ұйымдастыру көзделуде.