Альянс банк шағын және орта бизнес субъектілерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасын бастады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Альянс банк шағын және орта бизнес субъектілерінің заемдарын қайта құрылымдаудың арнайы бағдарламасын бастады. Бұл бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шағын және орта бизнес департаментінің директоры Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, бұл банктің несие алушыларына жәрдемдесу саясатының жалғасы болып отыр. Бағдарламаның басты мақсаты - несие өтеуде айтарлықтай қиындық көріп отырған шағын және орта кәсіпкерлердің қарыздық ауыртпалығын жеңілдету. Оны жасау кезінде клиенттердің ұсыныс-тілектері ескеріліп, қарызды қайта құрылымдаудың қолайлы шарттары жасалды. Ол - үстемақы мөлшерлемесін ең төменгі деңгейде орнату, несие мерзімін ұзарту, қарызды өтеуде жеңілдік кезеңін беру, кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұлды жою. Бағдарламада ұсынылған іс-шаралар кешені арқылы ай сайынғы төлем орта есеппен алғанда 30 пайызға азаяды деп жоспарлануда.

"Бағдарлама екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі, қаңтардың 15-інен наурыздың 1-іне дейін. Бұл уақытта төлем мерзімін 60 күнтізбелік күннен асырған мәселелі несие алушылар өз заемдарын қайта құрылымдай алады. Онда мынадай шаралар ұсынылады: несие бойынша пайыздық мөлшерлеме АҚШ доллары мен еурода 15 пайызға, теңгеде 16 пайызға дейін төмендету. Несие мерзімін 24 айға дейін ұзарту. Несиені уақытында өтемегені үшін есептелетін айыппұл мен өсімпұлды жою. Негізгі қарызды төлеу бойынша 6 айдан аспайтын жеңілдік беру. Ал бағдарламаның екінші кезеңі наурыздың 1-і мен мамырдың 1-і аралығында жалғасады. Онда несиені өтеуде мерзімін кешіктірмеген банктің стандартты клиеттері және несиені өтеуде мерзімін 60 күнтізбелік күнге дейін кешіктірген клиенттер қарыздарын қайта құрылымдау мүмкіндігін алады. Несие алушылардың бұл тобына борышты қайта құрылымдауда үстемақы мөлшерлемесін доллар мен еурода 14 пайызға, теңгеде 15 пайызға дейін төмендетудің тиімді шарттары ұсынылады", дейді банктің Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Шамсутдинов. Оның сөзіне қарағанда, бұл бағдарлама - Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген несиелер; Банктің уәкілетті органдарының берешекті өндіріп алу бойынша даулы іс бастау жөніндегі шешімі бар мерзімі өткен несиелер; Банкпен байланысқа түсуден саналы түрде жалтаратын борышкерлерге берілген несиелер; Шарттық міндеттемелер, овердрафт пен лизинг алушыларға тиімсіз.

Соңғы жаңалықтар