Альянс банк сыртқы қарыздарын қайта құрылымдайтын болды

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Альянс банкі кредиторлар комитетімен банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдауға қатысты  өзара түсіністік жөніндегі келісімге қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қаржы құрылымының қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

    Банк өкілдері келісім үшін бұған дейін халықаралық кредиторлар комитетімен маусымның 29-30-ында және шілденің 6-7-інде келіссөздер жүргізген. Кредиторлар комитетінің құрамына Азиялық Даму Банкі, Calyon, Commerzbank Aktiengesellschaft, DEG Deutsche Investitions-und Entwicklungsgesellschaft mbH, ING Asia Private Bank Limited, HSBC Bank plc, JP Morgan Chase Bank, N.A., Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited және Wachovia Bank N.A. халықаралық банктері енеді. Қол қойылған меморандум Кредиторлар комитеті өздеріне ұсынылған Банк қарыздарын қайта құрылымдау жолдарымен толықтай келісетінін куәландырады. Өзара түсіністік меморандумының шарттарымен сәйкес Альянс Банкінің кредиторларына қарыздарын қайта құрылымдау бойынша  5 түрлі бағыт қайта қаралған. Банктің хабарлауынша, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен Мүдделер жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда. Мүдделер жөніндегі келісім бойынша қайта құрылымдау табысты аяқталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» Банк акцияларының бақылау пакетін сатып алып және қайта құрылымдау нәтижелерін ескере отырып, Банк капиталын пруденциалды нормативтерге сәйкес келтіру үшін Банкті қажетті сомаға қайта қаржыландырмақ.

Соңғы жаңалықтар