"Альянсбанкті" қайта құрылымдау шаралары заем алушыларға зардабын тигізбейді.

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - "Альянсбанкті" қайта құрылымдау шаралары оның заем алушыларына ешқандай да зардабын тигізбейді. Бұл туралы бүгін Астанада он-лайн режімінде өткен конференция барысында Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Банкті қайта құрылымдау шаралары банктің заем алушыларын алаңдатпауы тиіс. Банктен қаржы алдың ба, оны қайтару қажет. Банктен қарыз алушыларда банк қызметін тоқтатса, біз қарыздан құтыламыз деген түсінік қалыптасқан. Одан арылу қажет. Өйткені банк қызметін тоқтататын болса, тиісті заңдарға сәйкес Қаржылық қадағалау агентігінің жанында жұмыс істейтін аппеляциялық комиссия іске кіріседі.

Осыған байланысты қарыз алушы банкке тиесілі қарыздарының барлығын тиын-тебенімен толық қайтаруы қажет болады», деді агенттік төрайымы.

Соңғы жаңалықтар