Алакөл ауданының көлдерінде балық қорларын қорғау мен браконьерлікке қарсы күрес бойынша айлық науқан жүріп жатыр
«Бұл науқанның ерекшелігі Алакөл балық инспекциясы бөлімінің инспекторларымен қатар Алакөл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де рейдқа шығуында болып отыр. Полициямен бірлесе іс-қимыл жасау нәтижесін береді», - дейді балық қорғау инспекторы.
«Өткен сегіз күн ішінде біз он рейд жүргізіп, балық өндірушілермен қатар, аудан халқының тарапынан да табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 13 фактіні анықтадық. Алты хаттама дайындалып, заң бұзушыларға тағылған әкімшілік айыппұлдың құны 87 мың теңгеден асты. Сондай-ақ 29 673 теңге көлеміндегі арыз-талап жазылып, заңсыз ауланған 124,1 келі балық тәркіленді», - деп хабарлады К.Бүтіншинов.
2010 жылдың басынан бері Алакөл-Сасықкөл көлдерінде 135 рейд жүргізіліп, заң бұзушылар жалпы сомасы 750 мың теңге айыппұл төлеген, деп атап өтті балық инспекциясында.