Алакөлде ағыс алып кеткен қайықтағы 10 жасар бала құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Алакөл көлінде 10 жасар бала қайыққа жалғыз мініп кетіп, қиын жағдайға тап болды.
None
None

Аяқ астынан жел көтеріліп, оған бағытты ұстау қиындап кеткен. Қатты соққан жел қайықты баламен бірге көлдің келесі жағасына бұрып әкетті. Баладан көз жазып қалған ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

«Әріптестеріміз акваторияны қарап шықты. Суға батқан белгілерді байқамаған құтқарушылар алға қарай жүрген. Бала жағалаудан бірнеше шақырым жердегі аралдан аман-есен табылды», - деді құтқарушылар. Суға түсу маусымы басталған сәттен бастап Шығыс Қазақстанның су қоймаларында сүңгуірлер 43 адамды құтқарған, оның 8-і бала.

Соңғы жаңалықтар