Алакөлдік меценат «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік думан ұйымдастырды

Мереке құрметіне қаладағы үлкен мейрамханалардың бірінде дастархан жайылды. Меценаттың шақыруымен Алматыдан келген әртістер балалар үшін музыкалық ойын-сауық бағдарламалары мен конкурстар ұйымдастырды. Сондай-ақ, мерекелік шараға шақырылған 126 баланың барлығына сыйлықтар табыс етілді.
Шараға сондай-ақ Алматы облысының балалар құқығын қорғау жөніндегі департаментінің директоры Гүлнәр Ермекбаева да қатысты.
«Айналайын» балалар үйінің директоры Жамал Баймадиеваның айтуынша, Бақыт Кәрімов пен оның пікірлестері балалар үйіне көп жылдан бері қамқорлық жасап келеді. «Менің балаларым Алакөл өлкесінің тұрғындарының қамқорлығын әрқашан сезінеді. Балалар үйі қиыншылық көрген сәтте олар әрқашан қасымыздан табылып жатады. Тіпті балалардың пәндік олимпиадаға жолкірелерін де осы азамат көтеруге тырысады! Балаларды ешқашан ұмытпай, оларға үнемі қамқорлық көрсетіп келе жатқан осы азаматқа және оның серіктестеріне біз ризамыз», - дейді Ж.Баймадиева.