Алакөлге келетін туристер саны артуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алакөл турбазаларына жолдаманы алдын ала броньдайтындар саны көбейді. Бұл туралы өңірлік ОКҚ брифингінде туризм басқармасының басшысы Жанар Алшынбаева хабарлады.
None
None

«Алакөлде демалыс орындарын ерте броньдау үдерісі жыл санап артып келеді. Туристер алдын ала демалыстарын жоспарлауға дағдыланды. Жазда Алакөлге келетін қазақстандық та, көрші мемлекет тұрғындарының да саны арту үстінде», - деді Алшынбаева.

Облыста Алакөл жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жандануда. Сонымен, өткен жылы Ақшы ауылына 93 электр желісі тартылып, жол құрылысы басталды. «Алматы - Жетіген - Достық» темір жол қатынасы дамуда.

Алакөл ауданында ақылы сауықтыру қызметтерінің көлемі 1,6 есеге, келушілер саны 28,6%-ға артты.

Соңғы жаңалықтар