«Алаш арландары» қазақ күресі спорт клубының палуандары ҚФ кубогында күміс еншіледі (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тараз қаласында ҚР қазақ күресі федерациясының кубогы жолындағы бәсекелер аяқталды. 16 команда қатысқан дүбірлі додада Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубы күміс жүлдені еншіледі.
None
None

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордалықтар алғашқы белдесуде Жамбыл облысының спортшыларынан басым түссе, жартылай финалдық кездесуде Алматы қаласының палуандарын таза жеңіспен ұтты. Ал финалда Семей жігіттерінен ұтылып, екінші орынды қанағат тұтты.

Команданың күміс жүлде алуына Бауыржан Райсов (55 келі), Дархан Сержанов (60 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалымжан Әбдірахманов (74 келі), Жайдарбай Есенов (82 келі), Мақсат Исағабылов (90 келі), Айбек Серікбаев және Нұрым Сәлімгереев (екеуі де 100 келі), Еламан Ерғалиев және және Руслан Әбдіразақов (екеуі де +100 келі) сынды спортшылар өз үлестерін қосты.

Соңғы жаңалықтар