Алаяқтығы үшін салық қызметкерінің ісі сотқа берілді

ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы салық басқармасының маманы А.Сұлтанғалиевтің үстінен ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағына сәйкес (мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамның алаяқтық жасауы) қозғалған қылмыстық іс сотқа берілді.
None
None

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған қызметкер жеке кәсіпкер М.Аймұраштың ешқандай құқықбұзушылыққа бармағанын біле тұра, қызмет бабын пайдаланып, оған салық заңнамасын бұздың деп әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 25 мың теңге сыйақы талап еткен. Маусымның 10-ында А.Сұлтанғалиев 13 мың теңге алу үстінде ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің қолына түскен.

Соңғы жаңалықтар