Алдағы 2-3 жылда Әл-Фараби атындағы университетте медицина факультеті ашылмақ

rong> Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алдағы 2-3 жыл көлемінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология факультетінің негізінде медицина факультеті ашылады.Бұл туралы бүгін Алматыда университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов Кореяның Пусан университеті басшылығымен кездесуі барысында айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Барлық әлемдік ірі жоғары оқу орындарында медицина факультеттері бар. Бұл бағытта ҚазҰУ аздап қалып отыр. Бұнымен қатар жастар денсаулығының орталығын салу да жоспарлануда. Бұл жоспарды университеттің 75 жылдығына келген  Елбасы да қолдады",  деді Б.Жұмағұлов.

Бақытжан Жұмағұловпен кездескен Кореяның Пусан университетінің ректоры Ким Ин Се де әріптесінің пікірін қолдап, екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, жаңа факультеттің ашылуына көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

"Бұл бағытта біздің бай тәжірибеміз бар. Біздің университет жанында студенттерге арналған үлкен аурухана, стоматологиялық және балалар ауруханасы, стационар бар",  деді кореялық делегация басшысы.

Кездесу барысында екіжақты  байланыстарды орнату мен білім саласын дамыту мәселелері талқыланып, өзара әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша қазақстандық студенттер Пусан университетінде білім алмасып, ғылыми тәжірибеден өте алады. Биылғы оқу жылында да екі жақты байланыстар нәтижесінде ҚазҰУ-дің 37 студенті мен 9 қызметкері Оңтүстік Кореяның  оқу орындарында білімдерін жетілдірген.

 Корея республикасының Пусан ұлттық университеті 1946 жылы құрылған. Бүгінде университет құрамында 13 колледж, 9 кәсіби мектеп бар. Қазіргі таңда бұнда 20 мыңнан астам бакалавр, 5 мыңнан астам магистр, 1200 докторант білім алуда.

Соңғы жаңалықтар